Ақтау қаласының төтенше жағдайлар басқармасы бастығы лауазымына азаматтық қорғау полковнигі Бауыржан Оңғарбаев тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
8 қаңтар күні Маңғыстау облысы төтенше жадайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы полковник Бекболат Әбдіқадыров жаңадан тағайындалған Бауыржан Оңғарбаевты қалалық басқарманың жеке құрамына таныстырды.
Бауыржан Ошақбайұлы Оңғарбаев 1977 жылы 10 қарашада Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылында дүниеге келген. Азаматтық қорғау полковнигі Б. Оңғарбаев азаматтық қорғау органдарында 1994 жылдың қыркүйек айынан бері қызмет етеді.
Білімі - жоғары. 1997 жылы Алматы жоғары техникалық училищесін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша, 2000 жылы Көкшетау техникалық институтын «Өртке қарсы қорғауды ұйымдастыру және техникасы» мамандығын бітірді. Осыған дейін Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Бейнеу ауданы төтенше жағдайлар бөлімнің бастығы лауазымында қызмет атқарды.