Қарақия ауданы әкімінің өкімімен Төлегенов Манар Аманжолұлы Қарақия ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Манар Төлегенов құрылыс, экономика және қаржы саласында жетекшілік етеді. Ол бұған дейін Қарақия ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарған.