Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы лауазымына азаматтық қорғау подполковнигі Кенжебаев Жандос Нышанбекұлы тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кенжебаев Жандос Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында туып өскен.
2005 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 2008 жылы Еуразия гуманитарлық институты, 2018 жылы Қазақ технология және бизнес университеті.
Еңбек жолын 2005 жылы ҚР ТЖМ төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ әкімшілік жұмыс бөлімінің аға инженер-экономисі лауазымынан бастады.
2007-2017 жылдар аралығында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бағыты бойынша әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2017-2020 жылдары ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы болды.
2020 жылы ҚР ТЖМ департаментінің штаб Ұйымдастыру жұмыстары басқармасын басқарды.