Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмовтың баспасөз хатшысы болып Әбішева Гүлмира Әйткенқызы тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Гүлмира Әбішева Жамбыл облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық журналист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық академиясының оқытушысы болып бастаған. Бірнеше республикалық және облыстық БАҚ-да еңбек етті. Республикалық 31-телеарна, «Информбюро» жаңалықтар қызметінің тілшісі, республикалық «Ар.кз» газетінде журналист, «Азаттық» халықаралық радиосының, «Тумба» қалалық газетінің журналисі болды. 2008 жылдан осы күнге дейін «Хабар» Агенттігінің Маңғыстау облысындағы тілшісі, тілшілер қосынының жетекшісі және 2018 жылдан осы күнге дейін Маңғыстау облыстық «Қоғамдық коммуникация орталығы» КММ басшысы қызметтерін атқарды.
«Ақпарат саласының үздігі», «Хабарға 10 жыл» алтын медалі, «Халық Алғысы» т.б. төсбелгілермен марапатталған. Бірнеше облыстық және республикалық байқаудың жеңімпазы.