©
Мемлекет басшысы сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап mangystaumedia.kz хабарлайды. Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.***
Мемлекет басшысы сот жүйесін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жаңғыртуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.