©
Маңғыстау облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметіне Айтжан Нұрбек Хамзаұлы тағайындалды.
Өңір әкімі Ералы Тоғжанов аппараттық жиында жаңа басшыны ресми таныстырды.
Нұрбек Айтжан 1980 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. 2001-2003 жылдары "Кен-құрылыс Сервис" серіктестігінде, "Өзенмұнайгаз" АҚ-да слесарь-монтаждаушы, учаске шебері болып еңбек еткен.
2005-2006 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өндіріс басқармасында бас маман болған.
2006-2008 жылдары облыс әкімі аппаратында ұйымдастыру-бақылау бөлімінде бас маман, 2008-2009 жылдары облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасында бас маманның міндетін атқарушы болған.
2009 жылы аталған басқарманың инвестиция және нақты секторды дамыту бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды.
2009-2010 жылдары бөлім басшысы, 2011-2012 жылы "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ атқарушы директордың көмекшісі, 2012-2013 жылдары облыс әкімі аппараты ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің басшысы болған.
2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметінде болды.