Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Конституциялық заңының 36-бабына сәйкес, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы 2018 жылғы 6 желтоқсан күнгі ауыл әкімдерін сайлау бойынша хабарына қарағанда Рахат ауылының әкімі сайланды.
Табынчаев Өсербай Рсбаевич 6 тамыз 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 жылы Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы университетін бітірген. Мамандығы биология пәні мұғалімі. 2016 жылы Астана қаласындағы «Астана» университетін бітіріп, «педагог-психолог» магистрі, 2018 жылы Алматы қаласындағы «Алма» Алматы менеджмент университетін бітіріп, «әкімшілік іскерлік» магистрі дәрежесін алған.
2000-2002 жылы Жаңаөзен қаласы Теңге ауылындағы №14 орта мектепте химия-биология пәні мұғалімі, 2003 жылы Оқушылар шығармашылық үйінің директорының орынбасары, 2003-2005 Жаңаөзен қалалық педтехнология орталығының әдіскері, білім бөлімінің бас маманы, 2005-2006 Маңғыстау облыстық білім басқармасының бас маманы, 2006-2008 Жаңаөзен қаласы №2 орта мектеп директоры, 2008-2009 Жаңаөзен қаласы №13 бастауыш мектеп директоры, 2009-2015 Жаңаөзен мектеп-гимназиясы директоры, 2015-2017 Жаңаөзен қаласы №18 орта мектеп директоры, 19.09.2017 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары қызметін атқарды.