Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының шешімімен Сәрсенбек Бекмолдаұлы Қалаубаев көп дауысқа ие болып, Теңге ауылының әкімі болып сайланды.
Қалаубаев Сәрсенбек Бекмолдаұлы 1970 жылы 14 қазанда, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылында дүниеге келген. 1987-1992 жылдары Атырау педагогикалық институты тарих, құқық және қоғамтану пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқып бітірген. 2000-2003 жылдарда Ақтау қаласындағы "Халықаралық Еңбек Академиясын" "Заңгер" мамандығы бойынша оқып бітірген.
1992-1998 жылдарда Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Ботакөз ауылында орта мектеп мұғалімі, ауылдық әкімшілік хатшысы қызметін атқарған. 08.1998-10.1999 жылдарда жеке кәсіпкер ретінде қызмет еткен. 1999 жылдың қазан айынан 2000 жылдың тамыз айына дейін Жаңаөзен қаласының №2 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарған. 2000-2003 жылы "Жаңаөзен мұнай базасы" ЖШС-де заңгер қызметінде болды. 2003-2007 жылдар аралығында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде учаске басшысы, директордың орынбасары, филиал директоры қызметтерін атқарған. 2017 жылы 14 қыркүйектен бастап Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі директорының орынбасары қызметін атқарды.