©
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Астана қаласында өтеді», - делінген Мәжіліс спикерінің өкімінде.