Ақтау қалалық мәслихаттың хатшысы болған Марат Молдағұлов БН-350 директоры қызметіне ауысты, - деп хабарлайды 7292info.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Марат Николайұлы Молдағұлов 1964 жылы 28 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген.
1990-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылымдар академиясының химиялық ғылымдары институтының аға лаборанты, инженері, кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері лауазымдарында қызмет атқарған.
2000-2002 жылдары - Павлодар химиялық зауытының бас инженері.
2002 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында «Лайонс Джамп» мұнай өндіруші компаниясының техникалық менеджері.
2002-2009 жылдары Ақтау шыны талшықтар зауытының бас технологы, орындаушы директоры, директоры қызметтерін атқарды (2007-2009 жылдары Төртінші шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған).
2009-2011 жылдары - Ақтау қаласы әкімінің орынбасары. Экономика және қаржы, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларына басшылық етті.
2012 жылдың ақпан айынан бастап Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы болып қызмет еткен.
Марат Николайұлының орнына қалалық мәслихаттың хатшысы болып Сембіғали Закенов сайланды.
Суретті түсірген Т.ҚҰСАЙЫН, сайт архивінен