Сембіғали Закенов Ақтау қалалық мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясында қалалық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.
Закенов. Сембіғали Төрешұлы 1996 жылдан бері Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде оқытушы қызметін атқарып келген.
2000-2007 жылдарда аталған оқу орнында кафедра меңгерушісі, декан, проректор қызметтерін атқарған.
2007 -2008 жылдары «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары болды.
Ал бұған дейін қалалық мәслихаттың хатшысы болған М.Молдағұлов БН-350 директоры қызметіне ауысты.
Сондай-ақ мәслихаттың бұл сессиясында 2017 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепті бекіту, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламаның іске асырылуы сияқты мәселелер қозғалды.
Суретті түсірген Т.ҚҰСАЙЫН, сайт архивінен