Елбасы Н.Назарбаев Вашингтондағы IV ядролық қауіпсіздік саммитінде жариялаған «Әлем.XXI ғасыр» атты манифесі қазіргі уақытта Бас Ассамблея мен Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің құнды құжатына айналды. Жаһан жұртшылығы үшін аса қажет бағдарламада бүгінгідей күрделі жағдайларға бағытталған,соғыс қаупінен адамзатты азат етудің іс-әрекеттері алгоритмінен тұратын өзара байланысты үш қағидат ұсынылған.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы бағдарламалық құжатта жер шарын мекендеген халықтың бейбітшілікте өмір сүруге,соғыссыз әлем құрып, тыныштықтың тінін бұзбауға үндеді. Әлем тарихында тұңғыш рет ядролық полигонды жапқан бірден-бір батыл мемлекетке айналған Қазақ елі тарапынан көтерілген бастама адамзатқа төнген қауіп-қатердің алдын алуға негізделген бағдарлама ретінде жоғары бағаланды. БҰҰ-ның қолдауымен бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке негізделген мемлекеттердің жаһандық коалициясын құру жөніндегі ұсынысы орынды деп санаймын. Осы тұрғыда Елбасымыз Ауғанстандағы, Ирактағы, Йемендегі, Ливия мен Сириядағы,Украинаның шығысындағы соғыс пен жанжалды және Палестина-Израиль текетіресін тоқтату таяудағы онжылдықта жалпыға ортақ міндет екендігін баса айтты.
Ядролық қарусыз өмір сүруге шақырған Елбасының салиқалы саясатын паш еткен құжатты әлем халқы қызу қолдап, үн қосуда. Халықаралық қоғамдастықта бүкіл әлемді соғыссыз әлем құру туралы үндеуі жалпыхалықтық деңгейге көтерілуі Қазақ елі үшін зор мақтаныш әрі құрмет деп білемін.Саяси маңызы салмақты, соғыс қаупін болдырмау қарсы манифест өскелең ұрпақтың келешегінің кемел болуына жол ашады.
Дастан ТАНКЕЕВ, Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының басшысы