Ақтауда «BS ARENA» спорт кешенінде «Маңғыстау барысы-2024» облыстық турнирінің жеңізпаздары анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған турнирде финалға шыққан ағайындық Нұрдәулет және Дәурен Жарылғаповтар биыл өтетін финалдық турнирде өңір намысын қорғайтын болды.
Облыстық іріктеу турнирінің финалына ағалы-інілі балуандар шығып, шешуші сәтте Дәурен ізет танытып, жеңісті ағасы Нұрдәулетке берді.
Енді 8 шілде күні Астанада өтетін ХІІІ республикалық «Қазақстан барысы» турниріне Маңғыстау облысынан «Қарабура» атымен танылған Н.Жарылғапов пен Д.Жарылғапов қатысады.
Облыстық турнирге Маңғыстау өңірінен іріктелген 14 балуан және 2023 жылы Қазақстан барысына қатысқан 2 балуанмен қоса есептегенде 16 спортшы белдесті.