© Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті
Мұнайлы ауданы Басқұдық елдімекені аумағында белгіленбеген орынға қоқыс төгу дерегі анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Газель автокөлігін тізгіндеген жүргізуші қоқысты төгіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Аталған дерек бойынша полиция департаментіне хабарланды. Тәртіп сақшылары экологиялық заңнаманы бұзған тұрғынды анықтап, айыппұл салады.
Экологтар белгіленбеген орындарға қоқыс (құрылыс, тұрмыстық және т.б.) төгу фактілері анықталған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес шара қолданылатынын ескертеді.
Еске сала кетейік, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, табиғат қорғау полициясы, Ақтау қаласы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары бірлескен рейдтік шараларды жүргізіп жатыр.