© Қарақия ауданы әкімдігі
Қарақияда болған соңғы жағдайларға байланысты судағы қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында құтқарушыларға қосымша жасақ қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жұмысын арттыру мақсатында арнайы қайық берді. Сонымен қатар, аудан әкімі Сымбат Төретаевтың тапсырмасымен өндірістік мекемелерден арнайы қайық және қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету бойынша келіссөздер жүргізілді. Алдағы уақытта судан құтқару жасағы тағы да қосымша қажетті құралдармен толық қамтылады.
Қазіргі таңда 3 құтқару қайығы, 6 жедел құтқару жасағы және Қарақия аудандық мансап орталығынан 6 қоғамдық қызметкер қосылып, судағы қауіпсіздіктің алдын алу жұмыстары күшейтілді.
Қарақия ауданы әкімдігі ауыл тұрғындары және қонақтарына тағы да ескерту жасады:
- Қауіпсіздік шаралары сақталған жағажайда шомылыңыз, балалардың басқа жерге бармауына баса назар аударыңыз.
- Ең алдымен сақтық шаралары өзімізден басталуы керегін қаперіңізге береміз.
Айта кетейік, жаз маусымы басталғалы бері Құрық ауылынан үш шақырым жердегі жағажайда үш адам суға батып кетті.