Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаевтің төрағалығымен Құрық ауылының «Бас жоспарын» бекіту бойынша жиын өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, аппарат басшысы, ауыл әкімдері, барлық мекеме бөлім басшылары қатысқан.
Бас жоспар таныстырылып болғаннан кейін, бөлім басшылары өз ұсыныстарын айтып, одан әрі жоспарды сапалы ету барысында қызу пікірталас туындап, өзгерістер енгізілуі ұсынылған.
«Аудан әкімі Құрық ауылының өзіндік сәулеттік келбетін қалыптастыру, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдарды шоғырландыру, туризм мен логистика, агро аймақтар мен өндірістік алаңдарды дамыту жөнінде сөз қозғап, нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берді», - деп жазылған баспасөз баянында.