26 маусым мен 1 шілде аралығында Щучинск қаласында тірек-қимыл қозғалыс аппараты зақымдалған спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған жарысқа еліміздің 19 өңірінен 200 ге жуық спортшылар қатысып мүгедектік диагнозына қарай 10 санат бойынша жекелей, жұптық және аралас жұптық жүйлер бойынша өзара бақтарын сынады.
Маңғыстаулық пара спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Жекелей жүйеде 2-орынды Мейірбек Өтепов (4 санат), 3-орынды Жазира
Ақбердиева (4 санат), Ақкүміс
Бокаева (9 санат) иеленді.
Жұптық жүйеде 3-орынды Мейірбек
Өтепов (MD 10 санат), Айдынғали
Өтебай (MD 4 санат) алды.
Аралас жұптық жүйеде 2-орынға ие болғандар - Мейірбек Өтепов (XD 10 санат), Ақкүміс
Бокаева (XD 20 санат).