Бокстан Қазақстан құрамасының екі боксшысы допинг қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілді. Саматәлі Төлтаевтың допинг сынамасынан оралтуринабол табылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Серік Абзал метастерон қолданғаны үшін 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін спорттан шеттетілді.
Ал Саматәлі Төлтаев 2026 жылдың наурыз айының соңына дейін спорттан шеттетілді.