Қазақстан балуаны Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда жапондық Нао Куссакиге 5:2 есебімен есе жіберді.
Демеу Жадыраев отандық балуандар арасында Олимпиада финалында араға жиырма жыл салып күресіп отыр. Бірінші кезеңде ол 2:0 есебімен алға шыққан еді. Алайда екінші кезеңде жапон балуаны шабуылға көшіп, ұпай иеленіп кетті.
Демеу Жадыраев іріктеу кезеңдерінде Колумбия балуанын ұтты. Ал ширек финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмудовты (Қырғызстан) жеңді. Финалға шығар сында әлем біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері Санан Сулейновты қапы қалдырды. Алайда финалда ол мүмкіндігін пайдаланса да жеңісті уысынан шығарып алды.