Ақтау теннис мектебінің түлегі, әлемнің 189-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Акапулько челленджер турнирінің 1/8 финалына өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мексикада басталған турнирдің 7-ракеткасы болып тіркелген жерлесіміз алғашқы айналымда әлем бойынша 343-орында тұрған швейцариялық Антуан Бельені ұтты. Бейбіт бірінші партияда 7:5 есебімен басымдық танытты. Ал екінші сетте де есесін жібермей, 6:4 есебімен аяқтады.Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында ақтаулық теннисші 9 эйс жасап, 2 брейк-пойнттан шашау шығармады.
Енді Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемдік рейтингте 252-сатыда тұрған аустралиялық Тристан Скулкейтпен сынға түспек.