Астанада оқушылар арасында футболдан өткен республикалық «Балдәурен» турнирінде Ақтау қаласындағы №11 лицейдің оқушылары күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Астанада оқушылар арасында «Балдәурен» 3 және 4 сынып командалары арасында ақтаулық оқушылар финалға шықты. Айтулы жетістіктерімен бүгін облыс орталығындағы білім ошағында үздік атанған жас футболшыларды марапаттау рәсімі өтті.
«Балаларды қорғау күні Астанада футболдан өткен турнирде 3 және 4 сынып оқушылар республика бойынша 2 орынмен оралды. Барша балаларға табыс тілеп, әрдайым ата-аналарының қуанта берсін. Спорт емес, физика-математика бағытындағы мектептің оұушыларының айтулы сында оза шабуы бұл біздің білім ошағының ғана емес, Ақтау қаласыны, жалпы Маңғыстау өңірінің жоғары жетісті деуге болады. Баршаңызды айтулы жетістікпен шын жүректен ұстаздар атынан құттықтаймын, деді №11 лицейдің директоры Светлана Қалиева.
Мектеп оқушылары арасында Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №11 лицейінің 3 А сынып оқушы Әзберген Қажымұқан ойынныңт тартысты өткенін айтады. Ол елордада өткен ойында №11 лицей командасының әр ойында жеңіске жету үшін барын салғанын атады.
«Біз үшін ойын өте қызықты өтті. Жаттықтырушы ағайымыз қалай ойнау керектігін бізге айтып отырды. Команда болып жеңіске жету үшін аянбадық. Финалға шыққанымызға қуаныштымыз», - деді ол.