Өскемен қаласында кіші жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан ҚР чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың соңғы күнінде маңғыстаулық спортшылар 2 алтын, 2 күміс жүлдені иеленді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ел біріншілігіне 600-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Маңғыстау облысынан 19 жеңіл атлет барды.
Нәтижесінде 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында маңғыстаулық Салидат Казова 1-орынды қанжығасына байлады. Ол 11 метр 59 см қашықтықты жүгіріп өткен. Ал 2001-2002 жылы туған спортшылар арасында Сабира Мусина 2641 ұпай жинап, көш бастады.
Сонымен қатар Арина Мишеева 2001-2002 жылы туған жеңіл атлеттер арасында сынға түсті. Ол 60 метр қашықтықты 7.81 секундта, ал 200 метрді 25.57 секундта аяқтады. Осылайша екі айналымда да жүлделі 2-орынды иеленді.
Спортшыларды ел чемпионатына жеңіл атлетикадан Маңғыстау облысының аға жаттықтырушысы Әсия Рабаева дайындаған.
Айта кетейік, ҚР чемпионаты 11 ақпан күні басталған болатын.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті ұсынған Әсия Рабаева