Маңғыстаулық спортшы «Афиналық тректің үлкен жүлдесінде» алтын медальға ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Жарыс 28 сәуір күні үш дисциплина бойынша өтті. Қазақстан құрамасы командалық спринтте алтын жүлде жеңіп алды. Құрамада Сергей Пономарев, Андрей Чугай, Дмитрий Резанов және Александр Сафаров өнер көрсетті.
Маңғыстаулық Сергей Пономарев, кейринде - алтын, командалық спринтте - алтын, жекелей спринтте қола жүлдегер атанды.
- Жарыс жақсы деңгейде өтті. Өзімізге артқан жауапкершілікті ақтап шықтық. Бұл жарыс Азия Чемпионатының, Азия ойындарының алдында арнайы өтті. Сергейдің деңгейін көру керек болды. Спортшы қанша тырысқанмен жаттығу барысында 100% барын салмайды. Ал жарыс ол бөлек, үлкен жарыстардың алдында психологиялық, технико-тактикалық тонусты ұстап тұру маңызды, - деді Маңғыстау облысының велоспорттан аға жаттықтырушысы Жанұя Сеитова.
«Афиналық тректің үлкен жүлдесіне» 10 елдің спортшылары қатысты.