Ақтауда «Мен және менің полицейім» шарасы аясында футболдан жарыс өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Спорттық шара мектеп оқушылары үшін арнайы ұйымдастырылған.
- Спорттық доданың мақсаты - жастарды салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру. Жалпы шара барысында полицейлер оқушыларға өздерінің жұмысын таныстырып, қоғамдық орындарда және жолда тәртіп бұзбауға шақырды, - деді Жергілікті полиция қызметінің басшысы Қалдымұрат Айғарақов.
Жарыс нәтижесінде №14 мектептің оқушылары жеңімпаз атанса, 2-орынды №28 мектептің оқушылары иеленді. Ал 3-орынды №16 мектеп командасы алды. Сондай - ақ қатысушыларға «үздік қақпашы», «үздік шабуылшы» және «үздік қорғаушы» номинациясы бойынша марапат табысталды.