Ақтау спортшылары Санкт-Петербургте ашихар-каратэден өткен сайыстан жүлдемен оралды. Сондай-ақ, балалар "Жеңіске деген жігері үшін" және "Үздіктердің үздігі" атақтарын жеңіп алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстың ҚКО-ға сілтеме жасай отырып.
Ашихар-каратэден халықаралық турнирге Ресей, Әзірбайжан, Түркия, Армения, Қазақстан, Беларусь және Өзбекстаннан 150-ден астам адам қатысты.
Маңғыстау облысы ашихар-каратэ федерациясының бас бапкері Дмитрий Печкин бәсекенің қатты болғанын, ал ақтаулық спортшылар соның арасынан топ жарғанын айтты. Керемет дайындық өзін ақтады.
Осылайша, Азамат Элеупов 7-8 жастағы ұлдар арасында абсолютті салмақтың және "Вest of the best" номинациясының чемпионы атанды. Ақтаулық жауынгер 5 жекпе-жек өткізіп, қарсыластың бәрін жеңді.
- Азамат әдемі қабылдау техникасын көрсетті, сол үшін "Үздіктердің үздігі" марапатына ие болды", - дейді Дмитрий Печкин.
7-8 жастағы қыздар арасында абсолютті салмақта Лиза Сайдамирова да өзін мойындатты. Ақтаулық спортшы өзінің үш қарсыласынан басым түсіп, бірінші орынға шықты.
Ақтаудағы ашихар-каратэ мектебінің тағы бір өкілі Кенесары Қайратұлы жекпе-жектің соңғы сәтіне дейін алысты, бірақ қарсыласынан ұпай саны бойынша жеңіліп қалды. Оған "Жеңіске деген жігері үшін" грамотасы табысталды.