Қарақия балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Гүлназ Ізтаңатова Көкшетауда өткен киокушинкай каратэдан республикалық турнирде алтын медаль иеленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Гүлназ Ізтаңатова 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, «Спорт шебері» атағын да алды.
Сондай-ақ, спорт мектебінің бапкері, жеңімпаз спортшылардың жетекшісі Садиға Армандқызының дайындаған Азат Азим, Қайрат Дарханбаев, Махаббат Ерсайын есімді шәкірттері де үздік үштікке кірді.
Айта кетейік, республикалық турнирге 500-ге жуық спортшы қатысты.