Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақшағыл»этнофольклорлық ансамблі мен «Жорға» би ансамблі Германияның Берлин, Мюнхен, Майндағы Франкфурт қаларына гастрольдік сапарын бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстаулық өнерпаздар бұл сапарға Қазақстан Республикасының Германия федеративтік Республикасындағы елшілігінің шақыртуымен қазақ халқының дәстүрін, өнері мен мәдениетін таныстыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында аттанды.
Маңғыстаулық өнерпаздардың концерттік бағдарламалары 16, 18, 20 қазан күндеріне жоспарланған.