• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    "Жыр жебенің" шәкірті республикалық айтыста бас бәйгені жеңіп алды

    [ 2019 ] 4 наурыз, 12:40  |  Мәдениет

    Көктен түскен төрт кітаптың бірі Інжілде «Ең әуелі сөз болды» дейтіні көп нәрсені аңғартатын сынды. Осы күні айтыс өнерін тек қазаққа ғана теліп қоятын әдет жоқ емес. Поэзия – қиял бүрлеген өнердің шыңы, адамзат баласына қалай ортақ болса, айтыс та солай. Ежелде Еуропа елдерінде айтыстың дамығаны сонша, математикалық айтыс түрлеріне дейін болғаны қарт тарихпен сырлассаңыз өңі ұшыраса кетеді. Яғни айтыс та адамзаттың ортақ еншісі. Көшпелі ғұмырдың көркін келтірген айтыс бүгінгі күні жоққа сіңіп кетпей, ел арасында жүргені қазақтың бір бағы да шығар! Біреу білсе біреу білмес, Маңғыстау топырағының даңқын асырып, сөз қадірін ұғынар ұрпақ тәрбиелейміз деген ниетпен қаламызда 2015 жылы «Жыр жебе» жас айтыскерлер клубы құрылған. Облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, айтыскер ақын Нұрлан Мұсаев негізін қалаған клубтан талай шәкірт түлеп, алды республикалық додаларда көш бастап жүр. Бұл сөздің дәлелі ретінде жуырда ғана Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш кентінде өткен "Жыр алыбы - Жамбыл" атты республикалық оқушылар айтысында аталған клубтың түлегі Мейірбек Саламатовтың бас бәйгені жеңіп алғанының өзі де жеткілікті. Дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін республикалық додаға әр облыстан суырылып шығып, іріктеуден өткен 28 ақын қатысқан. Оның үшеуі Маңғыстау облысынан, атап айтар болсақ: жеңімпаз атанған Мейірбек Саламатов (Мұнайлы ауданы), Жанболат Әлиев (Қарақия ауданы), сондай-ақ Алшын Сүйемов (Ақтау қаласы). Үш күн бойы өткен айтулы айтысқа Айтақын Бұлғақов төрағалық еткен. Клубтың алдағы жоспарларымен танысып, өнерге жаны құштар жастарға қаншалықты деңгейде қолдау білдіре алатыны жөнінде айтыскер ақын Фархад Мұсаев біраз жайды баяндаған еді: - Мектеп қаламызда орналасқан соң қаланың төңірегіне жақын тұрған, қатынауға мүмкіндігі бар оқушыларымыз ғана келіп жүр. Алда клуб орталықтарын кеңейтсек деген ниет бар. Мұнайлы ауданы, Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов, Ақшұқыр ауылымен қоса, алыс жерлерден қалаға студент болып келген дарынды жастарымыздың саны жетерлік. Негізгі мақсатымыз – ел аумағына танымал айтыскерлерді шығарып, ұлтты сүйер, сөз қадірін түсінер жастарды өнерге баулу, - деп атап өтті.

                           Мадияр ТӨЛЕУОВ

    1191
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    мәдениет маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Қапаш мешіті - Маңғыстау сәулет өнерінің ерекше үлгісі (ФОТО)

    Келесі жаңалық

    «Жұлынқұрт» спектаклі көрермен назарына жаңа құраммен ұсынылды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      5192

      Сисем Ата асында Айтман айтқан асыл сөз (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 12:37
      3728

      Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

      [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
      3842

      Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

      [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
      3575

      Маңғыстауда «Өз өлкеңді таны» экспедициясы өтті (күнделік - 1)

      [ 2019 ] 6 тамыз, 12:04
      17982

      Фестиваль аясында баспасөз мәслихаты өтті

      [ 2017 ] 24 тамыз, 16:45
      1937

      Рубрикалар

        Маңғыстау жаңалықтарыХабарландыруҚызық дерекСараптамаҚарақияСұхбатБайқауанонсҚоғам

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3230

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2984

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2823

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3281

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3092

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3066

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»