• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 14 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

Медиация күні қарсаңында консультативтік көмек көрсетуден «Ашық алаңы» өтед...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

Ақтауда түн ішінде моншадан өрт шықты...

  • USD: 479.44 ₸
  • EUR: 523.69 ₸
  • RUB: 5.22 ₸

Маңғыстауда құсбегілік өнер дәріптеліп келеді (ФОТО)

[ 2017 ] 6 ақпан, 09:56  |  Мәдениет

Құсбегілік сонау ықылым заманнан бері халқымызбен бірге жасасып, атадан – балаға, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан Ұлы дала мәдениетінің ішіндегі төл өнеріміз болып саналады. Оның екі мың жылдан астам бай тарихы бар. Оған тастағы таңбалар, жазулар, белгілер және археологтарымыздың жер астынан тапқан әртүрлі бұйымдары куә. Бүгінде республикамыздың көптеген облыстарында саятшылар, құсбегілер клубтары ашылған. Маңғыстауда кенже қалған төл өнерімізді Тұщыбек ауылының бір топ жастары 3-4 жылдан бері қолға алып, дамытып келеді. Қазір «Қауырсын» клубын құрған құсбегілер әрқайсысы әр салада жұмыс істейтіндіктен бұл өнермен етене айналыса алмай жүр.

Жуырда Отпан тау етегінде «Отпан» МКҚК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың бекзат өнері – құсбегілікке арналған дәстүрлі «Салбурын» этнографиялық шарасы өтті. Шараға Отпан тау етегіндегі аядай ғана Тұщыбек ауылының құсбегілері Мереке Өтеғалиев, Өтежан Советов, Ертіс Есжанов, Айшуақ Тайманов пен шетпелік Арон Оспанғалиев және Жыңғылды ауылының Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп оқушылары қатысты. «Отпан» МКҚК қызметкерлері құсбегілікке арналған «Салбурын» шарасын 3- 4 жылдан бері тұрақты түрде өткізіп келеді. Шараны өткізудегі мақсат – өлкемізде кенже қалған өнерді насихаттау және оған қазіргі смартфон мен планшеттерге «тәуелді» жастардың назарын аударып, қызығушылықтарын оятып, құсбегілікке баулу.

«Отпан» МКҚК мамандары оқушыларға саятшылық, құсбегілік туралы мәлімет беріп, «салбурын» сөзінің мағынасын түсіндірді. Оқушылар саят киімдерін киіп, қолдарына қыран құстарын ала келген құсбегілерді көргенде бұрынғы сал-серілерді көргендей әсерде болды. Құсбегілер оқушыларға құсбегілік туралы, қыран құстардың қандай түрлері болатындығын, оларды қалай ұстап, асырап, қалай баулып аңға салу керектігі туралы айтып, олардың дене құрылысымен таныстырып, қызықтыра әңгімелеп берді. Шара барысында қайыру кезінде бабында тұрған бүркіттерді қоянға салып, шырғаға түсіріп, алыстан қиқулап қолға шақырып қондыру сынақтарынан өткізді.

Шара соңында ұйымдастырушылар өлкемізде атадан қалған өнерді дамытуға ден қойылып, бұл іске кәсіпкер азаматтар араласса деген тілегін жеткізді. Төл өнерді насихаттаушылар Маңғыстау халқын 24-26 ақпанда Отпан таудың етегінде өтетін республикалық құсбегілер жарысына қатысуға шақырады.

Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

1378
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
мәдениет маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Білім ұясының сақшысы

Келесі жаңалық

Отпан тауда қауышайық!

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    4504

    Сисем Ата асында Айтман айтқан асыл сөз (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2019 ] 16 қыркүйек, 12:37
    3601

    Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

    [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
    3113

    Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

    [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
    2856

    Маңғыстауда «Өз өлкеңді таны» экспедициясы өтті (күнделік - 1)

    [ 2019 ] 6 тамыз, 12:04
    17893

    Фестиваль аясында баспасөз мәслихаты өтті

    [ 2017 ] 24 тамыз, 16:45
    1822

    Рубрикалар

      РедакцияРедакция ұжымыҚызық дерекӘдебиетӘлем жаңалықтарыМәселеЖарнамаТағайындау

    Автордың басқа да жазбалары

    Саулығыңыз салғырттықты көтермейді

    [ 2018 ] 14 тамыз, 10:24
    1611

    Құм көшкініне тосқауыл бар ма?

    [ 2018 ] 9 шілде, 05:29
    3403

    Күйші Серіктің еңбек белестері

    [ 2018 ] 5 шілде, 12:54
    2037

    Ақтау қаласының әкімі журналистерді мерекесімен құттықтады

    [ 2018 ] 27 маусым, 13:10
    2260

    Мерекедегі мерей    

    [ 2018 ] 27 маусым, 09:31
    1676

    Бітімгершілікке келу – береке бастауы

    [ 2018 ] 25 маусым, 05:51
    1845

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»