• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 18 Қазан 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда жауған жаңбыр «жасанды» ма?...

Маңғыстау облысында нан қымбаттады...

Нұрлан Ноғаев: Қала құрылысының бей-берекет салынуы – халықты құрметтемеу...

Түпқарағанда миллионға жуық теңге қанша итті «қапты»...

Кімге төлеу керек? Тұрғындар энергия төлемдерінен шатасып жатыр...

  • USD: 425.78 ₸
  • EUR: 494.08 ₸
  • RUB: 5.98 ₸

Жаңа археология залы ашылды

20 мамыр, 14:35  |  Мәдениет

18 мамыр - Халықаралық музейлер күні Ә.Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде салтанатпен тойланды. Іс-шарада музейдің дамуы мен қоғамдағы мәртебе-беделінің биік болуына еселі еңбек еткен сала ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Маңғыстау өңірінде музей ісі 1932 жылдан бастау алған екен. Оның игі бастауында Нұртілеу Несібеков тұлғасы тұрғандығы мәлім. Ал сол жылы ашылған Тарас Шевченко музейінің алғашқы директоры Сатанғұл Тәжиев есімді азамат.

Мерекелік басқосуда сөз сөйлеген П.Сармурзина ұлт тарихын, оның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын, өзіндік болмысын бейнелейтін жауһар жәдігерлерді жинақтауда, ұлттық құндылықтарды ұлықтау мен насихаттауда музейлердің маңызы орасан зор екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының алғыс хатын бірқатар музей қызметкерлеріне табыстады. Салтанатты шарада «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Н.Мұқанов сөз сөйлеп, музей саласы мамандарының терең білім мен алғырлыққа, табандылық пен ізденімпаздыққа негізделген жанкешті еңбегіне тәнті екендігін айтып, алғысын жаудырды.

Замана заңғары, сөз зергері Ә.Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында бой көтерген музей жұмысының қалыпты қызметі мен ілгері дамуына айтарлықтай қолдау танытқан компаниялар мен жеке серіктестер де мереке күні назардан тыс қалмады. Музей басшылығы НКОК, «Каспий жылу, су арнасы» МКМ, «Жас батыр» спорт мектебі, «Талап Маңғыстау» ЖШС, «Еврострой-А» ЖШС ұжымына арнайы сертификаттар табыс етті.

Әлемде теңдесі жоқ әдеби мұра «Қырымның қырық батыры» жырын қайта жаңғыртушы, осы заманаға дейін жеткізген Мұрын жырау Сеңгірбекұлының домбырасы 20-ғасырдың 80 жылдары Алматыдағы халық аспаптар музейіне тапсырылған екен. Таяуда белгілі меценат Төкен Танаұлы Жұмағұловтың демеушілігімен домбыра көшірмесі жасалып, музейге әкелінген. Мерекелік іс-шара барысында музей директорының орынбасары Нұрболат Қыдырұлы домбыраны Түпқараған ауданындағы Мұрын жырау музейіне табыстады. Сондай-ақ «Музейге сый» акциясы аясында халық ақыны, жыршы Сәду Қайралапұлының ұрпағы Елжас Қожабек жәдігерлер қорын ақынның домбырасы және бас киімін әкеліп, толықтырды. Бұдан бөлек музей ардагері Ғалия Хибадуллақызы Бекет ата мешіті бейнеленген кілемшені сыйға тартты.

Мерекелік шара аясында музейдің екінші қабатында жаңадан жасақталған археология залының ашылу рәсімі өтті.

«Музей ісі ғылыми-зерттеу жұмыстарына негізделген мың салалы мамандық. Мықты музей маманы бол үшін ауқымды энцеклопедиялық білім қажет. Мен музейді 25 жыл басқардым. Рухани жаңғырудың, ұлттық кодты танудың ең үлкен тетігі – музей. Бүгінгі қоғамда музейлердің дамуына қолдау көрсету жағы көңіл көншітпейді. Тек мемлекет қана емес, өз ұлтының тарихына жанашыр, елжанды азаматтар тарапынан бетбұрыс қажет. Жоғары оқу орындарында сапалы музей ісі мамандарын дайындауға көңіл бөлінсе құба-құп», - дейді Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Тамара Қалмырзақызы.

«Мен музейде кіші ғылыми хатшылықтан бөлім басшысына дейінгі кәсіби сатылардан өттім. Музей тынысы маған таңсық емес. Ол ең алдымен ұлттық тарихымыз бен жадымыздың қасиетті қоймасы. Мыңдаған жылдар бұрын тарыдай бытыраған тас қиыршықтардан құнды жәдігерлерді қайта құрау табандылықты, төзімділікті, ерен еңбекті қажет етеді. Музей мамандарының жұмысы көп көзге түспегенімен, осындай көрмелер мен залдарда керемет көрініс табады», - деп атап өтті «Огни Мангистау» газетінің редакторы М.Қалағанова.

Голрох ЖЕМЕНЕЙ

709
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Мәдениет қоғам
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Қуыршақ театры: Жаңа қойылымдар сахналанады

Келесі жаңалық

Ақтауда республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    «Junior Eurovision 2021»: Маңғыстаулық Армен Саакян финалға шықты

    13 қазан, 12:21
    341

    Облыстық филармонияда «Күй ұран» концерті өтеді

    6 қазан, 11:05
    253

    Маңғыстауда жыл соңына дейін 4 мәдени нысан ашылады

    5 қазан, 09:36
    548

    Жаңа қойылымның тұсауы кесілді

    20 қыркүйек, 15:09
    576

    Облыста саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

    18 қыркүйек, 08:46
    626

    «Бернарда Альбаның үйі» қойылымының премьерасы болады

    13 қыркүйек, 10:47
    709

    Рубрикалар

      Рухани жаңғыруЖастар бетіРедакция туралыАудан тынысыСараптамаМәселеҚарақияСаясатДенсаулықМаңғыстау жаңалықтарыМаңғыстауҚазақстан жаңалықтары

    Автордың басқа да жазбалары

    Қазақстандықтар қайта вакциналаудан қалай өткізіледі

    15 қазан, 16:20
    291

    Маңғыстау облысында халықты екпемен қамту көрсеткіші 45-46% жетті – А.Жұмыров

    15 қазан, 11:55
    213

    Вакциналау жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда

    15 қазан, 11:45
    186

    Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

    15 қазан, 10:47
    215

    Маңғыстауда “суретші” қылмыстық жауапкершілікке тартылды

    15 қазан, 10:25
    347

    Жыл басынан бері облыстағы кәсіпорындар 2 трлн. теңгеге жуық өнім өндірді

    15 қазан, 10:05
    222

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»