Мұнайлы аудандық сотында Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Соттың хабарлауынша, Ж. Қызылтөбе ауылы көлемінде жәбірленуші Е-мен кездесіп, соңғыға тиесілі «Playstation-5» ойын приставкасы мен джойстик құрылғысын 3 тәулік мерзімге уақытша пайдалануға 12 000 теңгеге алып, «Актив ломбардқа» 130 000 теңгеге тапсырып, түскен қаражатты өзінің қажеттілігіне пайдаланған.
Нәтижесінде Ж. жәбірленушіге 350 000 теңге материалдық шығын келтірген.
«Жәбірленуші сотталушымен татуласқанын, өзіне келтірілген материалдық зиянның толықтай өтелгенін, сотталушыға қоятын басқа талап-тілегінің жоқ екенін көрсетіп, оны медиация тәртібімен қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған.
Аталған соттың қаулысымен Ж. ҚК-тің 190-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасауда айыптау туралы қылмыстық іс медиация тәртібімен сотталушының жәбірленушімен татуласуына және келтірілген зиян есесінің толтырылуына байланысты сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатумен осы Кодекстің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде тоқтатылған», деп жазылған соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.