Маңғыстау аудандық соты шетелде тіркелген көлікті арзан бағамен мемлекеттік тіркеуден өткізуге уәде берген алаяққа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталға іс Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралып отыр.
«Сотта анықталғандай, Ж. А-ға шетелдік автокөлігін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеуіне тіркетемін», - деп, оны алдау арқылы сеніміне кіріп, жәбірленушінің 200 000 теңгесін алаяқтық жолмен алып, материалдық шығын келтірген. Сотталушы тағылған айып бойынша кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекеттеріне өкінетінін, кешірім сұрайтынын, келтірілген шығынды өтегенін, асырауында жасөспірім баласы бар екенін көрсетіп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады», - деп жазылған соттың хабарламасында.
Осылайша сот үкімімен Ж. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.