Қарақия аудандық сотында Ж- ға қатысты алаяқтықпен ( ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы) қылмыстық іс қаралды. Сотталушы учаскелік инспектор бола тұра, Ш мырзаны әкімшілік жауапкершілікке тартпаймын деп уәде беріп, одан алаяқтық жолмен одан 200 мың теңге көлемінде ақша алған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Прокурор сотталушы Ж.-ны кінәлі деп танып,оған параның 15 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни, 3 000 000 теңге айыппұл жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы Ж. және оның қорғаушысы соттан жәбірленушінің кешірім бергенін ескере отырып, айыппұл жазасын қолдануды сұрады.
«Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 2 тармағының санкциясында құқық қорғау органының қызметкері немесе құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған дәл сол іс-әрекет –мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің 10 еселенгеннен 20 еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Сот сотталушы Ж-ның өз кінәсін толық мойындауын, шын ниетімен өкінуін және кәмелетке толмаған балаларының болуын қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде, қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайларға кәсiби антын бұзу мен өзінің қызмет бабын пайдаланып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауын таныған» ,- деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Сот үкімімен Ж. Қылыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 2- тармағымен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 15 еселенген сомасы мөлшерінде 3 000 000 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар Ж-ға полиция капитаны шенінен айыру қосымша жазасы тағайындалған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.