©
Көлігімен 40 келіге жуық бекірені алып өтпек болған браконьер полицияның құрығына түсті.«Күдікті 8 шілде күні сағат 12:30 шамасында «Форт-Шевченко-Ақтау» тас жолында ұсталды. Мұнайлы ауданы тұрғыны айдап келе жатқан «Lada 21907» маркалы көлігінің жүксалғышынан заңсыз ауланып сойылған 13 дана бекіре тұқымдас балық табылды. Күдікті жалпы салмағы 40 келі болатын балықты екі қапқа бөліп салған. Аталған дерек Түпқараған АІІб СДТБТ-не ҚР Қылмыстық кодекстінің 339-бабымен тіркелді. Материал аудандық сотқа жолданды», - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Күдіктіні ұстауға Маңғыстау облысы ІІД Жылдам қимылдау арнайы жасағы Жергілікті полиция қызметінің Табиғатты қорғау полициясы мен ЖППР қызметкерлері жұмылдырылған.
Жыл басынан бері Маңғыстау облысы ІІД ЖПҚ Табиғатты қорғау полициясы 32 қылмыстың бетін ашқан. Оның 1-уі ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша, 335-бап бойынша – 2, 337-бап бойынша – 1 қылмыс ашылған. Қалған 28 дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша тіркелген.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Сурет сайттың архивінен