©
13 маусым күні сағат 11.40 шамасында Маңғыстау облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында Ақтау қаласындағы өнеркәсіптік аймақтағы қоймалардың бірінен 17 245 қорап контрабандалық темекіні анықтап, тәркіледі. Бұл туралы сайтымызға Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
«Платинум», «Каптэйн Блэк», «Омега», «Омега блэк», «Омега Эко Ментол», «Аризона», «Омега аква блю», «Платинум премиум», «Платинум Нано», «Манчестер», «Оскар», «Мак Экстра», «Мак Блэк», «Оскар рэд», «Манчестер блю» сияқты шетелдік маркалы, түрлі сұрыптағы контрабандалық темекі қоймада ешбір акцизді маркасыз және құжатсыз сақталған.
Бір қорапта 500 қорапша темекі болған. Қоймадан жалпы саны 8 622 500 қорапша темекі анықталды.
https://www.youtube.com/watch?v=3_4nH-9XIfA«Бұл факті 13 маусым күні сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 234 бабы 2 бөлігі (экономикалық контрабанда) бойынша тіркелді», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 186 бабына сәйкес, қылмыстық іс Маңғыстау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметіне берілетін болады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттер мен видеоны МО ІІД баспасөз қызметі ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="56258,56260,56259,56261"]