©
Мұнайлы аудандық сотында әкімшілік құқықты бұзған Өзбекстан Республикасының азаматшасы Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Полиция қызметкерлері шетел азаматының құжатын тексеру барысында құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматшасы Ж., 20 қыркүйек 2016 жылы Қазақстан Республикасының территориясына кіріп, ел аумағында ішкі істер органдарында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей, Қазақстан Республикасы аумағында болу тәртібін бұзғаны анықталған. Егер Қазақстан Республикасы тиісті тараппен жасасқан келісім немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын өткен күннен бастап күнтізбелік бес күннен астам Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілерде уақытша тұруға (тіркеуге) рұқсаты болуы қажет. Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады. Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылып жіберілді.Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі