Маңғыстауда алаяқ мұнай саласына жұмысқа орналастыруға уәде беріп, тұрғындарды алдаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтың ПД-не сілтеме жасап.
Ақтау қаласы мен Түпқараған ауданының тұрғындары полицияға жүгінген. Олар мұнай саласына қызметке орналастыруға уәде беріп, уәдесін орындамаған әйелдің үстінен арыз жазған. Дегенмен әрқайсысынан 350 мың теңгеден ақша алған. Материалдық залалдың жалпы сомасы 700 000 теңге.
Қылмыстық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, іс ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелген. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді.