Облыс бойынша бір тәулік ішінде қоғамдық қауіпсіздікті және жол қозғалысын қадағалау барысында республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарда тәртіп сақшылары 386 жол қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның ішінде, 1 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін, 19 жүргізуші құжатсыз көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 30 жаяу жүргіншіге жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін айыппұл салынды. 16 жүргізуші көлік құралын пайдалануға тыйым салынған ақауларға қарамастан көлікті басқарды. Құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша хаттама жасалды, осы баптың 9-бөлігі бойынша техникалық байқаудан өтпегені үшін 7 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар! Айыппұлдан өзге жол қозғалысы ережелерін бұзу қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін. Сондықтан ұсақ-түйек құқық бұзушылықтарға немқұрайлы қарамай, заң талаптарын мүлтіксіз сақтауды сұраймыз, - дейді полицейлер облыс тұрғындарына.