Полицейлер күдіктіні дереу ұстады. Көрші пәтерлер тұрғындары сол түнгі оқиға жайлы баяндады. Олардың мәліметіне сүйенсек, қылмыскер қолынан қаза тапқандардың жанында тағы бір жәбірленуші болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz kazpravda.kz сайтына сілтеме жасап.
17 тамыз сәрсенбіде әлеуметтік желілерде Ақтау қаласының 14 шағын ауданында полиция қызметкерлерінің жолды бөгеп, әрбір көлікті тексеріп жатқан бейнеүзігі тарады. Кейінірек, сол күні тәртіп сақшылары осылайша ер мен әйелдің өліміне қатысы күдіктіні іздегенін түсіндірді. Полиция күдіктінің ұсталғанын, оған қатысты бір және одан да көп адамды өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты (99-бап, 2 Б.). Тергеу мүддесіне байланысты істің мән-жайы баяндалмайды, деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.
Қайғылы оқиғаға кездейсоқ куә болған көршілер бұл оқиғаны өзге қырынан баяндайды. Мәселен, полиция шақырған қыздың ағасы қатты есеңгіреп қалған. Сол күні анасы жұмысқа кетер алды пәтер ішін желдетіп алу үшін есігін айқара ашып кеткен.
"Мен таңертең ерте ояндым, жуынып-шайынып, теледидар алдында музыка тыңдап, ұйықтап қалыппын. Біраз уақыттан кейін әпкем мені оятты.
Іш киімдегі әйел біздің пәтерімізге жүгіріп кіргенін, полицияға қоңырау шалуды өтінгенін және 8-қабатта кісі өлімі орын алғандығы туралы айтқан екен. Қылмыскер оны пәтерде мәжбүрлеп ұстап, әбден мазақ еткен көрінеді", - деді Аркен Құсбек.
Аркеннің өзі қызды көрмеген. Оның әпкесі оны оятқан кезде полиция жёбәрленушіні алып кеткен. Әпкесінің айтуынша, бәйел қатты үрейленген, жалаңаш төсін жасыруға тырысып, бүкшеңдеген күйі тұрған.
Бұл үйдің тағы бір тұрғыны марқұммен таныс емес екенін айтты. Бұл пәтер тәулікке және сағатқа жалға берілді екен. Жиі басқосулар болады екен. Бұл күн де әдеттегідей өткен.
"Менің естуімше, алдымен пәтерге бір жұп келген. Содан кейін оларға тағы бір жұп қосылады. Шамасы, олар ішімдік ішкен. Сыбыстарға сенсек, олардың бірі дүкенге шығып, қайтып келгенде, өз жұбын танысынан қатты қызғанады. Соның үстінде жұбын және танысын өлтірді. Таңертеңгі сағат 5-те мен әйелдің айқайын естідім. Терезеден қарадым. Айнала тып тыныш еді. Мен дыбыстың қайдан шыққанын түсінбедім. Шамасы, ол сол кезде оларды өлтірген", - дейді көршісі Ләззат Достанова.
Жәбірленушімен сөйлескен адамдардың айтуынша, екі адамды өлтіргеннен кейін ер адам үшінші әйелді пәтерде ұстап, қорқытып, әбден қорлаған. Таңертең, сағат 11 шамасында, ыңғайлы сәтті пайдаланып, жәбірленуші қашып кетуге тырысқан. Пәтерде әйелдің жоқ екенін түсінген күдікті жасырынғысы келеді. Алайда полиция оны тауып, дереу ұстады.