Ақтау қаласында есірткіні жарнамалайтын граффити жазуларын жою бойынша рейдтік шаралар өткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
16 шілде мен 16 тамыз аралығында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Маңғыстау облысы ПД кинологиялық қызмет орталығының кинологтарымен бірлесіп және қызметтік-іздестіру иттерін қолданумен Ақтау қаласының шағынаудандары бойынша 10-нан астам рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд шеңберінде бояу арқылы есірткі заттарын сатуды жарнамалайтын 500-ден астам түрлі граффити жазулар жойылды.
Рейдтік іс-шараларды өткізу шеңберінде халық арасында есірткіні пайдаланудың қауіптілігі және олардың ағзаға әсерінің зияндылығы, есірткінің заңсыз айналымына кепілгерлер немесе курьерлер рөлінде қатысу қауіптілігі, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және кінәлі адамдар үшін қатаң жазалау бөлігінде қылмыстық заң туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, делінген МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Рейдтік іс-шаралар ең алдымен азаматтардың құқықтық санасын арттыруға, есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға және қоғамда салауатты өмір салтын белсенді насихаттауға бағытталған.
Рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өтеді. Оған еріктілер, "Жас Отан" жастар қанатының мүшелері және Ақтау қаласының барлық ерікті азаматтары қатысады.