Ертең, 28 шілдеде Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының гепатолог-дәрігерлер Ашық есік күнін өткізеді. Шара гепатитке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ашық есік күні сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін (түскі үзіліспен 13:00-ден 14:00-ге дейін) Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының консультациялық-диагностикалық емханасында өтеді.
Акция өтетін күні, сіз, гепатологтардың тегін кеңесін аласыз. Сонымен қатар көрсеткіш бойынша FibroScan аппараты арқылы бауырға тексеру жүргізіледі.
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы ересек тұрғындарға толық медициналық қызмет көрсетеді. Нақты диагноз қоюға және науқастарды тиімді емдеуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.
Еске салайық, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасындағы гепатоорталық – бауырдың күрделі ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша облыстағы жалғыз орталық.
Өтетін орны: Ақтау қаласы, 26 шағынаудан. Қабылдауға алдын ала жазылу үшін: +7 729 221 03 17 (саны шектеулі, 25 адамнан аспайды).