• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 22 Қырк. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Электр энергиясын талан-таражға салып жүрген кімдер?...

Кадрлық тәжірибе алмасу - маңызды...

Маңғыстаудың денсаулық сақшылары «Сенімге» сенеді...

Маңғыстаудың ұмытылған бұлақтарын зерттеу экспедициясы басталды...

Бибісара Асаубаева Маңғыстауға Азия чемпионы болып оралды...

  • USD: 425.75 ₸
  • EUR: 499.32 ₸
  • RUB: 5.85 ₸

Дәрігер: Вакцина - әлемде коронавирустың таралуына тосқауыл болатын жалғыз амал

15 шілде, 10:38  |  Денсаулық

Алматыдағы Фтизиопульмонология орталығының эпидемиолог дәрігері Гауһар Нағашыбекқызы коронавирустан қалай қорғану керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Гауһар Нағашыбекқызының айтуынша, оның 65 пен 68 жас аралығындағы ата-анасы өздерін қауіпті аурудан қорғау үшін коронавирусқа қарсы екпені өз еріктерімен әрі саналы түрде алған.

Ал дәрігердің өзі жұмыс істейтін Фтизиопульмонология орталығы ұжымының 90% екпе салдырды.

«Менің отбасым, достарым, таныстарым да вакцина алды. КВИ-ге қарсы екпе алу - менің саналы таңдауым. Мен өзімді ғана емес, айналамдағы барлық адамдарды, жақындарымның қауіпсіздігіне жауаптымын», – деді дәрігер.

Ол барша қала тұрғындарына, соның ішінде КВИ-мен ауырған адамдарға да қайтадан дерт жұқтыру қаупінің жоғары екенін айтты.

Сондай-ақ профилактикалық шараларды елемеуге болмайтынын тілге тиек етті.

Дәргердің айтуынша, өзіңізді коронавирус инфекциясын жұқтырудан қорғау үшін бәріне белгілі шараларды сақтау қажет: адам көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға бармау; әлеуметтік қашықтықты (кемінде бір метр) сақтау, әсіресе респираторлық инфекцияның белгілері болса; қорғаныс бетпердесін тағу және уақытылы ауыстырып отыру; қоғамдық көлікте сирек қатынау және бөлмені мүмкіндігінше жиі желдету.

Сондай-ақ қолды спирті бар өніммен таза ұстау немесе сабынмен жуу қажет.

Мысалы, қоғамдық орындарға барғанда есік тұтқалары мен крандар және телефон дисплейлерін ұстағанда санитарлық ережені сақтау қажет.

«Өз денсаулығыңызды нығайтып, иммунитетті көтеру үшін қарапайым ережелерді орындау жеткілікті: дұрыс тамақтану, уақытылы ұйықтау, позитивті психологиялық көзқарас қажет. Сонымен қатар таза ауада серуендеу керек. Сондай-ақ жаттығу жасап, спортпен айналысу керек. Осы қарапайым шаралар иммунитеттің күшті болуына әрі кез келген инфекциямен күресуге көмектеседі», – деді эпидемиолог.

Сондай-ақ спикер коронавирус жұқтырғаннан кейін ағзаны қалпына келтіру бойынша өзінің кәсіби ұсыныстарын айтты.

Оның айтуынша, аурудың таралуы, адамның қалай тамақтанатынына, иммунитетіне, белсенді немесе пассивті өмір салтына байланысты.

COVID-19 дертімен ауырған және посткоидті белгілері бар әрбір науқасқа дәрігердің белгілі бір ұсыныстары беріледі.

Коронавирусты қалпына келтіру жеке жүреді. Бірақ бәріне иммунитетті нығайту, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік сияқты шаралар ескертіледі.

Дәрігер мегаполисте халықты COVID-19 дертіне қарсы вакциналау қажеттілігі жайлы ақпараттандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілгенін жеткізді.

«Біздің қалада вакцина пункті барлық жерде бар және ол қолжетімді. Адам көп жиналмас үшін емханалар мен СОСО-да уақытша мобильді пункттер ашылды. Сондай-ақ қосымша арқылы вакцина рәсімінің күні мен уақытын белгілеуге болады. Екпе кабинеті мен пункттерінде аймаққа бөлу үшін әлеуметтік қашықтық талаптары сақталады. Әрбір науқас міндетті тексеруден өтіп, дәрігердің рұқсатынан кейін вакцина алады. Вакцинадан кейін әр науқас 30 минут дәрігердің бақылауында болады. Кейін оның денсаулық жағдайы бекітілген емхананың бақылауына өтеді», – деді ол.

Дәрігердің айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қауіпсіздіктің белгісі.

Егер адам вакцина алса, онда ол аурудан қорғалып қана қоймайды, сонымен қатар басқа адамдарға жұқтырмайды.

Соның ішінде жаңа «дельта» штамына қатысты вакцина ауру мен өлімнің ауыр түрлерінен қорғайды. Бұл жағдайда препараттың екі дозасын да алу керек.

Бірінші доза антиденелердің аз мөлшеріне байланысты қорғаныс әсерін береді, екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді әрі нығайтады.

«КВИ вакцинасы – бұл жаңа ауруға қарсы дәрі. Бұл вирусты зерттегенімізге бір жарым жыл өтті. Сондай-ақ вакцина қысқа мерзімде жасалды. Бұл әлем бойынша коронавирустың таралуын төмендететін құрал. Ақпан айында жаппай вакцина басталған кезде медицина қызметкерлері вакцинаға алаңдаушылық білдірді. Кейіннен көп елдерде жанама әсер болмағанын көрді. Қазір адамдардың сенімі пайда болды. Таныстар, туыстар, көршілер вакцинаның қайсысы жақсы деп сұрайды. Ал вакцинадан қорқатын қала тұрғындары түрлі қауесеттер мен жалған ақпараттарға сенеді. Сондықтан біз қызметкерлер мен науқастарға вакцина туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Сонда ғана адам тиісті шешім қабылдай алады. Бүгінде вакцина жайлы күрделі мәселе жоқ, халықты қамту процесі қарқынды жүріп жатыр», – деді спикер.

Сөз соңында дәрігер қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда демалудан бас тартуға шақырды.

Коронавирус дертін жұқтырмас үшін санитарлық қауіпсіздік шараларын, соның ішінде бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұсынды.

Сондай-ақ коронавирустан қорғанудың жалғыз әрі сенімді әдісі вакцина екенін тағы да ескертті.

185
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ақтауда тұрғындарды вакциналау қарқыны қалай

Келесі жаңалық

Не себепті вакцина салдыру қажет?

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      ЖаңалықтарРедакцияДенсаулықҚызық дерекРедакция ұжымыEXPO - 2017Қазақстан жаңалықтарыАудан тынысыБіле жүріңізСұхбатТүпқарағанСараптама

    Автордың басқа да жазбалары

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық Арена» спорт кешеніне барды

    Бүгін 19:20
    76

    Қ. Көшербаев «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының таныстырылымына қатысты

    Бүгін 17:54
    54

    Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді

    Бүгін 17:39
    71

    Қазақстандықтар қоғамдық кеңестердің көмегіне бірыңғай портал арқылы жүгіне алады

    Бүгін 16:24
    36

    «Каспий» ӘКК: Қызметкерлерге 6 млн теңгеден астам мөлшерде заңсыз сыйақы төлеген

    Бүгін 15:18
    259

     Президент екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді

    Бүгін 14:47
    153

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»