• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 5 Тамыз 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Карантин: Облыста жаңа қаулы жарияланды...

"Маңғыстау Медиа" басшысы Айсұлу Дутбаева марапатталды...

Журналист Жалғас Айтқұлов өмірден озды...

Камиль Куруглиев әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды...

Токио-2020: Бекзат Нұрдәулетовтің алғашқы қарсыласы анықталды...

  • USD: 425.13 ₸
  • EUR: 503.01 ₸
  • RUB: 5.81 ₸

Ақтауда тұрғындарды вакциналау қарқыны қалай

14 шілде, 21:54  |  Денсаулық

«Sofiemed Group» емханасында вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда мамандар күн сайын 250-ге жуық адамға вакцина салады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Бүгін аталған емханаға бардық. Ерікті түрде екпе алуға келгендерді көрдік. Кезек күтіп тұр. Ал емхана мамандары тұрғындарды көп күттірмей, қызмет көрсетіп жатыр.

Алдымен тұрғын арнайы дәрігердің қарауынан өтеді. Онда қан қысымын өлшейді, температурасын бағамдайды, жүрек соғысын тыңдап, келушінің аллергиясы, қатерлі ісік пен созылмалы аурудың бар-жоғын анықтайды. Содан соң анкета толтыртып, екпе алуға рұқсат береді. Осылайша әр тұрғын өз таңдауындағы вакцинаны ала алады. Вакцина алғаннан соң 30 минут дәрігердің бақылауында болады.

Екпе алуға келген тұрғынның бірі – Құндыз Сүлейменова. Ақтау қалалық білім бөлімі «Оқушы орталығында» жұмыс істейді. Ол вакцинаға қатысты ел ішінде айтылып жатқан түрлі пікірден гөрі, әркім өзіне сеніп, шешім қабылдағаны дұрыс деп отыр.

«Өзімнің, отбасым мен әріптестерімнің саулығы үшін вакцина алуға шешім қабылдадым. Отбасымда бұған дейін ешкім екпе алмаған еді. Мүмкін, менен кейін екпе алатын шығар. Ал туыстарым мен әріптестерімнің көбі вакцина алды. Ешқандай ауырсыну, жанама әсер байқалмады. Бастысы – еліміз тыныш болсын, халқымыз ауырмай, өз денсаулығын күтінгенін қалаймын», - дейді қала тұрғыны Құндыз Сүлейменова.

«Sofiemed Group» клиникасының дәрігер-эпидемиологы Қайрат Нұрниязұлының айтуынша, емханада «СпутникV», «QazVac», «HayatVac» және «СoronaVac» вакциналары бар. Осы уақытқа дейін 6 000-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін алды. Ал 4 500 адам вакцинаның екінші компонентін салдыртқан.

«Емханада 4 екпе бригадасы бар. Оның екеуі емханада болса, қалғаны – жылжымалы екпе бригадасы. Жалпы клиникаға 30 мыңға жуық тұрғын тіркелген. Яғни 3, 3 а, 3 б, 2, 1 шағынаудандары мен Приморский тұрғындарына қызмет көрсетіледі. Шамамен 15 000 адам екпе алады деп жоспарлап отырмыз»,- дейді емхана директоры Нәдірқожа Әбиденұлы.

Оның айтуынша, вакцина екі жағдайда рұқсат етілмейді. Атап айтқанда, қысқа мерзімде ауырып жүрген науқастарға уақытша салынбайды, сонымен қатар онкологиялық, аллергиялық ауруы бар науқастар, жүкті және емізулі әйелдер екпе алмайды. Олар учаскелік дәрігердің қарауынан өтіп, арнайы комиссия арқылы вакцина алмайтыны туралы анықтама алуы керек.

Содан 33 шағынауданда орналасқан «Дина» гипермакеті жанындағы жылжымалы диагностикалық медициналық кешенге келдік. Мұнда да кезек күтіп, қағаз толтырып жатқан тұрғын көп.

«Дәл қазір ресейлік «СпутникV» вакцинасын алып шықтым. Вакцинаны саналы түрде өзімнің, жақындарымның денсаулығы үшін алдым. Яғни қоғамдағы өз жауапкершілігімді сезіндім. Қазіргі жағдайда осылай ғана айналама зиян тигізбеймін деп ойлаймын», - дейді қала тұрғыны Аян Өтесінұлы.

Қарақия аудандық аурухананың дәрігері Гүлжан Избасованың айтуынша, жылжымалы егу пункті 9 шілдеден бері тұр. Күніне 100 адам келіп, өз таңдауындағы вакцинаны салдыртады. Көшпелі егу пункті сағат 10:00-ден кешкі 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

673
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

"SofieMed Group" емханасының директоры вакцинаға қатысты пікір білдірді

Келесі жаңалық

Дәрігер: Вакцина - әлемде коронавирустың таралуына тосқауыл болатын жалғыз амал

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Рухани жаңғыруҚарақияРедакция туралыБіле жүріңізҚызық дерекСаясатАшық қоғамБайқауРедакция газеттеріАуыл өміріМаңғыстауМәселе

    Автордың басқа да жазбалары

    Провизорлық стационардағы науқастармен қалай байланысуға болады

    Бүгін 14:30
    110

    Қырғыз этномәдени бірлестігі дәрігерлерге алғыс білдірді

    Кеше 18:36
    145

    Басқұдықта 2 шақырым жолға асфальт төселеді

    Кеше 15:04
    170

    Каспий жағалауында қоқыс көп

    Кеше 10:38
    128

    Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

    3 тамыз, 22:23
    602

    Рейд: Қарақияда жыл басынан бері 9 заңбұзушылық анықталды

    3 тамыз, 12:28
    200

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»