Коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келетін азаматтар eGov mobile арқылы кезекке тұра алады. Мұндай жүйе әуелі пилоттық жоба негізінде іске қосылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Вакцинацияға алдын ала жазылу eGov mobile қосымшасы арқылы жүзеге асырылды. Техникалық мәселелердің бәрі шешілді. Қазір Денсаулық сақтау министрлігінен келісім алған соң бірнеше қалада пилоттық режимде іске қосамыз», - деді министр.