Базарлардағы тауық өнімдерінің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген. Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов айтты.
"Тауық өнімдері базарларға ветеринарлық құжаттармен және ілеспе қағаздармен келеді. Ілеспе қағаз берген кезде ол өнімдердің бәрі тексеруден өтеді. Өнімді тексеретін лабораторияның сараптамасы шыққаннан кейін оған ветеринарлық анықтама беріледі. Өнім базарға жеткізілген кезде сол жақта ветеринар инспекторлар тағы тексеріс жүргізеді", дейді Қабдолданов.
Оның айтуынша, базардың ішінде де ветеринарлық-санитарлық зертханалар бар.
"Базардағы әр өнім сатылатын орынның бәрі күнделікті бақылауда. Өнімнің режимі, температурасы, ол өнімдердің базарда сақталуы, олардың сатылу тәртібі барлығы күнделікті таңғы уақыттан кешке дейін бақылауда. Базардағы тауық өнімдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп толық айта аламыз", деді АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы.