Медициналық пойыз 17-18 тамыз күндері Болашақ стансасында аялдап, тұрғындарға қызмет көрсетеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қарақия орталық аудандық ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жәрдем» пойызы әр станцияда 1-2 күн қызмет көрсетеді. Азаматтарды қабылдау сағат 09.00-18.00 аралығында жүргізіледі. Ал түскі үзіліс - 13.00-14.00.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызында 22 медицина қызметкері болады. Оның ішінде - 15 дәрігер , 7- медбике. Атап айтқанда, тұрғындар жалпы тәжірибелі дәрігер/педиатр/терапевт, хирург, уролог, торинларинголог (ЛОР), офтальмолог (окулист), акушер-гинеколог, психолог, стоматолог және кардиологтың қабылдауында бола алады. Сонымен қатар ЭКГ, УЗИ (УЗИ-жүректі түсіру ,УЗИ-ішкі органдарды түсіру), флюрография, лаборотория (ОАМ,ОАК) бойынша қызметтерге жүгіне алады. Сондай-ақ медиация және заңгер маманы бар.
- Дәрігердің қабылдауына баратын тұрғындар міндетті түрде өзінің және баласының (баласын қаратса) жеке басын куәландыратын құжаттарын ала баруы керек. Медициналық құжаттары болса, қосымша ала баруы керек, - делінген хабарламада.