Каспий теңізінің жағалауына мыңнан астам фламинго келді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет фейсбук парақшасына жазды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қыс мезгілінде фламинго мыңдаған шақырым алыс жерге ұшып барып, сонда ұя салады. Биыл ақпан айының алғашқы он күнінде-ақ Қазақстанға фламинго топтап ұшып келген.
Фламинго Қазақстанда Теңіз, Шалқартеңіз көлдері мен Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында тіршілік етеді. Жазда шамамен 50-100 мың құс келеді. Олардың көпшілігі Теңіз көлінде мекендесе, 10-20 мыңы Каспий теңізі мен Шалқартеңіз көліндегі ұялар арасында жүреді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА