• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Мен – педагогпын

[ 2020 ] 10 ақпан, 19:45  |  Қоғам

Мен бала кезімде көп армандайтынмын. Әйтеуір, мектепте немесе үйде болсын, болашақ туралы, арман жайлы әңгіме қозғалса, қиялға беріліп кететін едім. Көкейімде есейгенде бала жанының бағбанындай мейірімді де сауатты ұстаз болсам деген тәтті арман тұратын.

Иә, Алла бұйыртып, білімге деген құштарлық жетелеп, мен арманыма жеттім. Бүгінде туған қалам - Ақтаудағы №15 «Өркен» балабақшаның тәрбиешісімін! Мен өзімнің мамандығыма деген шексіз сүйіспеншілігімнің нәтижесінде өз қызметімде бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп жүрмін. Балаға тәрбие мен білім берудің жаңа әдістері мен заманауи технологияларды меңгеруге тырысып, үнемі ізденісте жүремін. Мен заманауи педагогпын! Мен өз мамандығымды жақсы көремін! Мен осы мамандықты таңдағаныма мақтанамын, өйткені, өмірімді шәкірттерімсіз елестете алмаймын. Менің ақылды да сүйкімді тәрбиеленушілерім - менің өмірімнің бір бөлшегі. Әрине, мен мамандығымның жоғары жауапкершілігін сезінемін, ізденімпаздық пен төзімділікті талап ететін киелі жолда жүргенімді жақсы білемін. Бүгінгі интернет пен компьютер заманында заманауи ұстазға жүктелер міндет мол. Сондықтан да өзіме үнемі сұрақ қойып, жауабын табу үшін өзімді қамшылап отырамын.

Менің түсінуімше, бүгінгі заманауи ұстаз балаға ғылыми мәлімет беріп қана қоймай, оны әлемдік білім мен ақпарат кеңістігіне шығару үшін жұмыстануы тиіс. Шәкіртті бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу – бүгінгі күн талабы болып отыр. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біз білім, ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз» деген қанатты сөзін басшылыққа ала отырып, интеллектуалдық ой-өрісі дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азамат тәрбиелеуді өз қызметімнің басты мақсаты етіп алдым.

Ал, қазіргі заманауи педагог – ізденуші, зерттеуші, технолог және өнертапқыш.

Мен де Тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпағын тәрбиелеуде заманауи ұстаз ретінде үлес қосу үшін үнемі ізденемін. Өз қызметімде бала санасын жаңа технологияларды пайдалану арқылы жан-жақты дамытамын. Шығармашылық жұмыс барысында интерективті тақталар, аудиожазбалар, музыкалық әуендер арқылы монтесорри, тәй-тәй, тризз әдістерінің элементтерін қолданамын. Әсіресе, балалармен қарым-қатынаста олардың оқиғаны толық әңгімелеп берулеріне мүмкіндік беріп, сұрақ-жауап арқылы диалог құрамын. Түрлі ойындар мен көптеген көрнекілік құралдарды пайдаланып, балдырғандардың жан-жақты дамуына әкелетін әдістерге баса мән беремін.

Менің ұстаздық қызметімде ерекше әдіс - қазақтың қиял-ғажайып және тұрмыс-салт ертегілері арқылы балалардың танымдық дағдыларын арттыруды қолға алып жүрмін. Ертегілерден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман тілегін көреміз, сондықтан ертегі – баланың ой-қиялын ұштап, сөздік қорын қалыптастырады. Атақты Бауыржан Момышұлы «Ертегісіз өскен бала-рухани мүгедек адам» деп балаға ертегі айтудың маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Олай болса, менің бұл әдісті өз тәжірибемде қолдануымның да мәні осыда.

Менің мақсатым - балалардың тұлға болып қалыптасуы үшін алдымен қиялдай білу қабілетін дамыту. Бастысы - төзімділік пен мейірімділікке шақырып, зұлымдықты табалап, мақтаншақтықты әшкерелейтін ертегіні түрлі жолдармен балаға жеткізе білуім керек. Баяндау кезінде сәбиді қуануға және мұңаюға үйретіп, өз сезімін айтуларына мүмкіндік беремін. Бала ертегіні тыңдап отырып, жақсыны үйреніп, жаманнан жиреніп, оқу қызметіне қызыға араласады.

Менің көздегенім - шәкірт бойына сапалы білім мен үлгілі тәрбиені сіңіру. Ұстаздардың ұстазы болған Ы. Алтынсарин: «Бала сабақты түсінбесе, кінәлі емес, оны түсіндіре алмаған мұғалім кінәлі» деген. Мен осы ұлағатты сөзді ешқашан есімнен шығарған емеспін. Егер бала түсінбей жатса, онда менің әдістемемнің әлсіз жағының бар екенін мойындап, оны өзімнен іздеп, қателігімді түзетуге тырысамын. Заман талабына сай көштен қалмай, білім саласындағы соңғы жаңалықтарға көз жүгіртіп, жаңашыл жолдарды назардан тыс қалдырмаймын.

Менің ұстаздық борышым – нағыз адам ретінде өмір сүретін, өз кәсібінің маманы болатын жеке тұлға қалыптастыру деп білемін. Өз шәкірттерімнің болашағына үлкен сеніммен қараймын.

Балдырғандарым заманауи технологиялар заманында осы қоғамға сай, бәсекеге қабілетті, білімді де, білікті, елін, жерін сүйетін адамдарға ізгілік жасайтын азамат болып шығады деп күтемін.

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы, ұстаз болу- сезімнің ақылдығы» дегендей, мен де жан-жақты дамыған құзыретті де, кәсіби маман дайындаудағы еңбегімнің еш кетпейтініне сенемін. Мен үшін ғұмырын ұстаздық мамандығына арнаған, көңілі тек жақсылыққа құмар ұстаз болу – көпке бұйыра бермейтін бақыт. Сол үшін мен өзімді бақытты санаймын. Әлемдегі ең пәк жандар, жалғандық пен жасандылықтан ада, тазалық пен пәктіктің иесі – тәрбиеленушілерімді көргенде, олармен бірге қуанып, бар жан дүнием ерекше сезімге толады. Ал, менің кішкентай достарым менен ең жақын жанашырындай үміт күтеді, қуанып қарсы алады, сырларын айтады. Кейде еркелесе, кейде тентек болады. Бірақ, бірден ақылға келіп, күлімдеген жанарымен айтқаныңды тыңдайды.

Бүгінгі заманға көз жіберсем, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, бала талғамы үнемі өсу үстінде. Заманауи педагог ретінде өзім де өзгеріп, шәкірттеріме жаңашыл бағытта қарым-қатынас жасауды қолға алдым. Бұрын қандай бір қиындыққа тап келсем, шығар жол таппай, ренжитінмін, қазір жылдам әрі дұрыс шешім табуға дағдыланып келем. Күнделікті оқу қызметімді түрлендіріп өткізуге тырысам, оның нәтижесі де жоқ емес. Дәл қазір жаңалыққа деген құлшыныс пен қызығушылық, түпкі нәтижеге деген сенімділік, өз ісімнен қанағат табу менде басым. Екінші жетістігім - өзімді шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйреттім. Мен бұрын баладан жауап алғанша асықсам, қазір оның ойлануын бірінші орынға қоятын болдым. Ұстаз ретінде түйгенім, ұстаз - өзінің артына ерген ұрпағы мен шәкіртінің жетістігімен ғана қуана алады екен. Ұлтымыздың тағдыры, болашағы – тәрбие мен білімде.

«Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе бала тәрбиеле» дейді халық даналығы.

Мен де өз ұжымымдағы білікті де тәжірибелі ұстаздардың қолдауымен алға жүріп, өзімнің шығармашылық қабілетім мен ұстаздық жолымды қатар алып келемін. Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын!

Раиса Жанмұратова

№15 «Өркен» балабақшасының тәрбиешісі

1587
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Азаматтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметін бағалай алады

Келесі жаңалық

Ақтауға фламингоның алғашқы тобы ұшып келді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Ашық қоғамЖастар бетіМаңғыстау жаңалықтарыКомплаенсРедакция ұжымыТүпқарағанБайқауАуыл өміріӘлем жаңалықтарыРедакция газеттері

    Автордың басқа да жазбалары

    Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

    4 қыркүйек, 17:12
    866

    "Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қауіпсіздік клубын ашу мүмкіндігі"

    4 қыркүйек, 17:10
    1762

    Жаңашыл педагог

    4 қыркүйек, 17:08
    825

    Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы

    4 қыркүйек, 17:05
    790

    «Қазақ газ өңдеу зауытының» директоры 65 млн теңге жымқырды деп күдікке ілінді

    22 тамыз, 17:32
    2105

    Қазақстандықтардың 53,1 пайызы АЭС идеясын қолдайды – сауалнама

    22 тамыз, 16:57
    1863

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»