©
Ақтауда бір ер адам пәтерінің терезесінен оқ атқан. Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері əлгі азаматты тауып, оның қару-жарағын тəркіледі. Бірақ олар театрларда қолданылатын "ойыншық" болып шықты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты lada.kz сайтына сілтеме жасап. "Көңіл күйің болмағанда ішіңдегіні осылай шығару керек", - деп, жергілікті тұрғынның Instagram желісіне салған видеосы жұртшылықтың наразылығын тудырды. Оқиға 16 сәуір күні сағат 21:45-те Ақтаудағы 32 "б" шағынауданындағы пəтерде болған. Тергеу-іздестіру тобы пәтерді тінту кезінде бос патрондық Калашников автоматын, жарық, дыбыс әсері бар Макаров тапаншасын, пневматикалық винтовканы тəркіледі. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының үшінші бөлігімен тіркелді. Қазір сотқа дейінгі алдын ала тергеу жұмыстары жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігіне сəйкес, атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемденгені, бергені, өткiзіп, сақтағаны, тасымалдағаны немесе алып жүргені үшін бес мың АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген.Жұлдызай ҚАЛИЕВА
https://www.youtube.com/watch?v=5ALaewsBKVs