Аққу деген құс болар, ақ бауырынан аппақ мамық түлеткен, Айдынын аңсап, алқына ұшып жыр еткен!!! Ақ ұлпа ұяң - аруана дала кемеңгер, Баршаңа сәлем Маңғыстау атты түбектен!!!
(Сабыр АДАЙ)
Қыс түсе қарт Каспийдің жағалауы сұлуланып кететіні бар. Оның бірден-бір себебі – аққулар.
Адалдық пен махаббаттың жаршысына айналған ақ қанат құстар Ақтау халқына әбден үйреніп алғандай. Жылдағы дәстүрінен жаңылмай, тұрғындардың ыстық ықыласын аңсап келетін олар биыл да қамқорлықсыз қалмады.
Әдеміліктің символын көруге күніне жүздеген адам теңіз жағалауына келіп, аққуларға жем шашып, суретке түсіп, керемет көріністерді тамашалап қайтады. Бұл да бір қыс мезгіліндегі Каспий жағалауының ерекшелігі болса керек.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="68620,68619,68617,68616,68618,68615,68614,68613,68612,68611,68610,68609"]